2023 жылдың 11 қазан күні Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Осы бағыттағы мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Сауда саттық саласындағы кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары да жалғасын табуда.
Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе. Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.