Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту маңызды

30

Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов баяндағандай, өткен 9 айда өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға 1 трлн және 27 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға төмен.

Жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіш 2,1 трлн теңгені құрайды. Салалар бойынша жеңіл өнеркәсіпте инвестиция тарту 2,5 есеге өсіп, 11,3 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ жиһаз өндірісінде – 4,5 есе, яғни 14 млрд теңгеге дейін, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 1,6 есе, 81,4 млрд теңгеге дейін өсім тіркелді.

Жалпы, биыл инвестиция көлемі 1 трлн теңгені құрайтын 170 жобаны іске қосу жоспарланған. Премьер-министр өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған бағытта үйлестіру жұмыстарын белсенді жүргізуі тиіс екенін айтты.