Орынборда архив саласындағы Қазақстан-Ресей комиссиясының отырысы өтуде

11

Бүгін Орынбор қаласында (Ресей Федерациясы) Архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының 4-отырысы өтуде. Аталған іс-шараға қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Қарсақбаева бастап барды.

Жиында 1927-1934 жылдар аралығындағы ашаршылық,  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның рөлі бойынша бірлескен құжаттар жинағын дайындау мәселелер талқыланды. Сондай-ақ 1920-1960 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Ресейдегі тың және тыңайған жерлерді игеру, 1931-1934 жылдары Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Балалар комиссиясының материалдары негізінде жинақталған  «Ресей өлкелеріндегі қазақ босқындары балаларының тағдыры туралы бірлескен құжаттар жинағын шығару туралы мәселелер келісілді.

Жиында Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Қарсақбаева 1927-1934 жылдар аралығындағы ашаршылық жайлы архивтік құжаттарды және өзге де тарихи маңызды құжаттарды ынтымақтастық шеңберінде жинақтау мәселелерін көтерді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Сәбит Шілдебай «Қазақстандағы ғылымның дамуы мен қалыптасуы» туралы, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы бірлесе фотоальбом дайындау мәселелеріне тоқталды.

Басқосу барысында архиваралық ынтымақтастықты арттыру мәселелері келісілді.