Түркістан облысында өз несиесін жабу үшін, өзгелердің қаржысын жымқырды деген күдікпен әйел ұсталды. Жетісайлық 3 тұрғын, таныстарының «мемлекеттен ақша алып беремін» деп уәде беріп, сан соқтырғанын айтып арызданған. Күдікті 5 миллион теңгеден астам ақшаны алып, қайтармаған.
Іс ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті полицияға жеткізілді. Әйел ақшаны өзінің несиесін жабу үшін алғаны анықталды. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, іс бойынша құжаттар сотқа жолданды.
Гүлнар Абдужаппарова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы: «Сотқа дейінгі тергеу барысында әйелдің айтуы бойынша ол бұл қылмысқа өзінің несиесін жабу үшін барған. Сонымен қатар, Арыс аудандық полиция бөлімінің де қызметкерлері мен тағы да бір алаяқтық анықталып, ұсталды. Алаяқтық 1 млн. 700 мың теңгені жергілікті тұрғыннан алып, жұмысқа теміржолшы ретінде орналастырып беремін деп уәде берген. Алайда уәдесін орындамай, ұзақ уақыт бойы алдап келген. Бұл жайт бойынша да ҚР ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тереу жүргізіледі».