Полицей парадан бас тартты…

48
фото Колеса.кз

Түркістан облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен 2022-2023 жылдар аралығында полиция қызметкерлеріне пара берудің 9 дерегі әшкереленді. Аталған қылмыстық істер бойынша кінәлі азаматтар ҚР ҚК-нің 367-бабы «Пара беру» бойынша сотпен жауапкершілікке тартылды.

Мәселен Түркістан қалалық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» ісі бойынша күдікті лауазымды тұлғаларға пара беруге оқталған. Бұл бойынша полиция қызметкері Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, заңға сәйкес шаралар атқарылған.
Тағы осындай жайттың бірі трассада орын алған. Яғни «Шымкент-Самара» тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкері жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатады. Оның құжаттарын тексеріп, әкімшілік шара көру кезінде жүргізуші хаттама толтырмауы үшін полицейге пара ұсынған. Бұл бойынша да тиісті шаралар атқарылып, жинақталған іс құжаттар сотқа жолданған.
Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арасында «теріс пиғылымен», тұрғындардың пара беру қылмысымен күресті күшейтуде. Заң талаптарына сай, пара алушы да, беруші де қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пара беру қылмысы үшін, ең ауыр жаза ретінде 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу қарастырылған.
Осы ретте полиция қызметкерінің пара талап ету жайтының куәсі болсаңыз, Түркістан облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына 8 778 6848957 жедел түрде хабарласыңыздар.