Елордалық полицейлер күшейтілген режимге көшті, қаланың периметрі бойынша 7 блок бекет қойылды.Бұл шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қабылданып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ал 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды. 3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммиті өтеді.
Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.