Полицейлер тұрғынның үйінен ақша ұрлаған күдікті ер адамды анықтады

34
фото Халық үні

 Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне заңсыз кіріп, шкаф ішінде тұрған 50.000 теңгеден астам қаржысын жымқырып кеткен.

Мән-жайды анықтау үшін тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті шараларды атқарды. Куәлардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, түнгі уақытта дүкен аралауға келген күдікті сол маңайдағы үйге терезе арқылы кірген. Содан кейін шкаф ішінде тұрған ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ал ұрланған қаражатты өз пайдасына жаратқан. Аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.