Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті алаяқтарға жиі алданып қалатын облыстардың тізімін жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендегені байқалады. Осы қылмыстың саны жағынан Алматы қаласы бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда – Астана мен Қарағанды облысы.
Алаяқтық көп жасалған аймақтар:
Алматы қаласы — 6742,
Астана қаласы — 5358,
Қарағанды облысы — 2590,
Шымкент қаласы — 1921,
Алматы – 1836,
Ақтөбе -1334,
Атырау -1319,
Қостанай -1311,
Павлодар -1244,
Шығыс Қазақстан облысы -1243.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шеккен. Олардың басым бөлігі әйелдер – 19 020 адам. Алданғандардың ішінде кәмелетке толмаған балалар (102), колледж бен жоғарғы оқу орындарының студенттері (291), зейнеткерлер (1714) мен мүгедектер (8) бар.