Қала басшысы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті

38

Шымкент қаласының әкімі жергілікті этномәдени бірлестік өкілдерімен бас қосты. Онда мегаполисте атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, бірқатар мәселе талқыланды.

Шымкенттік этномәдени бірлестік төрағалары қала басшысымен кездесті. Онда толғандырған мәселелер мен қауымдастық мүшелерінің атқарып жатқан жұмысы баяндалды. Ал Қазақстан өзбектерінің «Достық» қауымдастығының төрағасы жыл сайын 1 мамырда берілетін сыйлықты қайта қолға алса деген ұсынысын айтты. Себебі соңғы 5 жылдың ішінде дәстүрге айналған әр бәрлестікке берілетін сыйақы тоқтап қалған.

Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектерінің достық қауымдастығының төрағасы: «Қала әкімі жыл сайын 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні 100 мың теңгеден стипендия беретін. Бұл ұлттық киім алуға, бірлестікке керек заттар алуға көмек болатын еді. Біз бұны бұған дейін де көтеріп жүрміз. Орындалады деген ойдамыз»

Қаламыздың тұтастығы мен тыныштығы үшін атсалысып жүрген түрлі этнос өкілдерімен танысқан шаһар басшысы алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: «Мұндағы мақсат – алдағы уақытта қала аумағында мемлекеттік этносаясатты сіздермен бірге нәтижелі іске асыру. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Ассамблея атқаратын бес басымдықты нақтылап, соның аясында жүйелі жұмыс істеуді тапсырды. Біз өз кезегінде белгіленген міндеттерді сапалы атқаруымыз қажет»

Айта кетейік, қаламызда 17 этномәдени бірлестік бар. Ондағы тұрғындар саны үшінші мегаполис халқының 29 пайызын құрайды.