Қалай жеткізілетінін қараңыз: Яндекс заттарды қала бойынша жеткізу туралы жарнама науқанын іске қосты

93

Науқан Яндекс Go-да жеткізуге қалай ыңғайлы тапсырыс беруге, сондай-ақ өз жұмыстарыңызбен айналысып жатқан кезде, қосымшадан курьер сіздің заттарыңызды қаншалықты жылдам, сенімді және ұқыпты жеткізетінін қарап отыруға болатынын айтып береді.

Жеткізуді бақылау идеясы науқанның шығармашылық тұжырымдамасына негіз болды. Көрінімді қатынас орталығында Яндекс Go қосымшасының картасындағы объект тәрізді қала бойынша қозғалып жүретін курьер бар. Біз оны жеткізуге тапсырыс бергенде көре аламыз. Клиент басқа шаруаларымен айналысып жатқан кезде, курьер қалада шеберлікпен жол тауып, кептелістерді жеңіп, сәлемдемені тез жеткізеді. Жеткізуді басқаруға арналған технология: ең жақсы бағыт пен байланыста болатын қолдау қызметі бар қосымша — оның жұмысына көмектеседі.

 «Біз Яндекс Go-дың тұрмыста және бизнесте жеткізуді қалай жеңілдететінін көрсеткіміз келді. Бұл көпшілікке таныс қосымша, жеткізуге тапсырыс беру үшін бір-екі түймені басу керек, содан кейін курьердің тапсырысқа қалай тағайындалғанын,оның жөнелтуді қалай алып, алушыға бара жатқанын және тапсырыстың қалай жеткізілгенін көру ғана қалады», — деп түсіндірді Яндекс Доставка-ның ТМД-дағы маркетинг жөніндегі директоры Ваган Татевосян.

Тұжырымдаманы Zebra Hero агенттігі, creative agency & production әзірледі. Креатор Болат Карипов бұл тәсілді былай деп түсіндіреді: «Сізге арнайы уақытыңызды бөліп, кептелісте тұрудың да, қаланың әр түкпіріне барудың да қажеті жоқ. Сіз қосымшада жай ғана курьердің картада қалай жылдам жүріп келе жатқанын және жеткізу мекен-жайына жақындағанын көре аласыз. Біз Сізге осы сезімді сыйлағымыз келді».