Қазақстан халқының саны 20 миллионға жақындап қалды

35

1 қыркүйекте  Қазақстан халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамға жетіпті. Ұлттық статистика бюросы таратқан ресми  мәліметке сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында елімізде 258 011 бала дүниеге келген. Ал 85 989 адам қайтыс болды.

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 172 022 адамды көрсеткен. Сондай-ақ, елге жыл басынан бері 17 200 адам келді, керісінше 11 303 адам кетті. Қалаларда 12 368 662 адам тұрса, ауыл халқы – 7 576 064 адам. Әйелдер саны – 10 205 957 адам, ерлер саны – 9 738 769 адам. Былтырғы қазан айында Қазақстандағы халық саны 19 млн 700 мыңға жуықтаған еді.