Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

24
фото tengrinews.kz

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Вице-премьер Тамара Дүйсенованың мәлімдеуінше, халықаралық практикада букмекерлік кеңселердің жарнамасы тікелей спорт шаралары өтетін ғимаратта, спорт киім-кешегі мен жабдығында, спорттық телеарналарда және сол кеңселерде көрсетіледі. Осыған сәйкес Біз де осы халықаралық тәжірибеге сүйеніп, осындай ұсыныс енгізіп отырмыз,-деді вице-министр.

Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.
Дүйсенованың айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.