2025 жылы Қазақстанда кассациялық сот құрылады. Бұл туралы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлімдеді. Бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда.
Жоғарғы сот жаңа құрылымды талқылау үшін бірқатар депутатпен кездесті. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық соттың құрылу моделін сарапқа салды. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша жаңа соттың өз алдына судьясы мен жеке ғимараты да болады.
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы: «Материалдық жағдайымыз оны қаматамасыз етуге, ғимараттарды жеке кассациялық сот салуға мүмкіншілігіміз бар. Ол өзіміздің 6,5 пайыз бюджеттен беріліп жатқан қаражаттың ішінен жасаймыз. Жаңағы, маман судьяны да тағы да айтамын оны да біз арамыздағы бірінші сатыдағы апеляциялық сатыдағы жүктемелерді қарап соның ішінен бөлеміз».