Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылуы мүмкін

11
Қару-жарақтар мен әскери техникалар қойылған көрме ұйымдастырылды

«Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры» АҚ құру туралы» үкімет қаулысының жобасы талқылау үшін Ашық НКА  порталында жарияланды. Қор қызметінің негізгі мақсаты – қазақстандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жаңғырту.

Құжат республикалық бюджет есебінен қалыптастырылатын жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыз қатысуын көздейді.
Жобаға сәйкес акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиесілі болады.
Қаулыны қоғамдық талқылау 26 қазанда аяқталады