Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.
Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді. Материалдар сотқа жіберілді. Темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда.
Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.