Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төарағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Риддер қаласындағы ЖЭО мәселесі қаралды. Биыл үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен станцияның барлық 6 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 3 қазандық бойынша іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, тағы 3 қазандықты жөндеу жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. ЖЭО-ның жаңа меншік иесімен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша инвестор кәсіпорынның барлық қарызын өтеп, станцияны әкімдіктің коммуналдық меншігіне береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.
Премьер-министр ЖЭО-ны жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін барлық қажетті ұйымдастару-құқықтық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.