Қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен Тұран ауданының полиция басқармасына жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оған танысы жүргізуші куәлігін алуға көмектесуді ұсынған. Сондай-ақ, оның әйелі ешқандай емтихан тапсырмайды деп сендірген.
Өз «қызметі» үшін қаскүнем ер адамнан 350 мың теңге алып, біраз уақыттан кейін қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.
Хабарламаны алған тәртіп сақшылары дереу құқық бұзушыны ұстау шараларына кірісті. 24 сағаттың ішінде оның кім екені анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.
Сарыағаш қаласының 29 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінді. Сотқа дейін оған ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.