Шымкентте 3 жасар бала 4 — қабаттың терезесінен құлап кетті

18
фото Айқын.кз

Шымкентте бала терезеден құлады

Шымкент қалалық ТЖД дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына 7 қазанда сағат 18:20-да «103» қызметінен Әл-Фараби ауданының Сайрам шағынауданында ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың 4-ші қабаттан құлап түскені туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, онымен бірге құлап кеткен, осы уақытта анасы басқа бөлмеде болды.

Зардап шегуші Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр (мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты).

Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелді. Олардың үшеуі қайтыс болды, 4 бала зардап шекті. Барлық оқиғаларда сәбилер ата-аналарының қарауынсыз қалды.