Шымкентте көлігіне екі түрлі нөмір таққан түркістандық ұсталды

36

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары көше камералары арқылы кезекті заң бұзушыны анықтады. Жас жігіт темір тұлпарының алдына заңды мемлекеттік тіркеу нөмірін тақса, артқы бөлігіне жалған нөмір іліп алған болып шықты.

Тәртіп сақшылары ер адамды Д. Қонаев даңғылының бойында тоқтатты.
20 жастағы Түркістан облысының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару» бойынша хаттама толтырылды.
Ал, Toyota camry автокөлігі айып тұраққа қамалды. Осыған байланысты, Шымкент полициясы жол қозғалысына қатысушыларды көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзбауға шақырады.