Шымкентте сыйлық дүкенінде діни мазмұндағы кітаптар сатқан азаматша анықталды

40
Фото Шымкент полиция

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Келіншек қаладағы сыйлық дүкендерінің бірінде діни мазмұндағы әдеби кітаптарды сатумен айналысқан.
Полицейлер заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі «ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Саудаға шығарылған кітаптар тәркіленді.
Сот шешімімен сатушыға 120 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.