Шымкенттің бас полицейі қатардағы офицерге жеке қол сағатын сыйға тартты

35

Полиция генерал-майоры Думан Таев қызметтік міндетін мінсіз атқаратын полицейлерді өз деңгейінде бағалай білетін қасиетке ие.

Оған дәлел, күні кеше полиция департаменті бастығының бұйрығымен бірнеше офицер мен олардың ата-анасы марапатталды.
Атап айтқанда, қаладағы криминогендік ахуалдың тұрақтылығына өзіндік үлес қосып, қылмыстардың дер кезінде ашылуына себеп болған Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы Дархан Құлмырзаев пен бейнебақылау инспекторы Досжан Омиралиевке алғыс хат табысталды.
Сондай-ақ, Индонезиядан келген туристерге сапалы қызмет көрсеткені үшін ППП Туристерге қызмет көрсету тобының инспекторы Әділхан Әлімсейітовтың ата-анасы да алғысқа ие болды. Бұған қоса, мегаполистің бас полицейі Әділханға өзінің жеке қол сағатын тарту етті.
– Генерал Таев Думан мырзаға қызметкерлерінің жұмысын бағалап, жастарға қолдау көрсетіп жатқаны үшін рахметімді айтамын. Қол сағатын балама сыйлап, өзі тағып беріп жатыр. Бұл біз үшін бағалы сыйлық, ал басқа қызметкерлер үшін жігер, мотивация деп ойлаймын – , дейді тәртіп сақшысының әкесі Рашид Әлімсейітұлы.