Студент: «Жасыл елге» қатысқалы айналаны ластауға ұяламын

35

Әр аптаның сенбі күндері Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер, өңір тұрғындары және белсенділері қаланы қоқыстан тазартуды үрдіске айналдырды. Осы ретте Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен Бадам тұрғын алабында сенбілік өтті.

1000-ға жуық шымкенттік үшін сенбінің таңы тазалау жұмыстарынан басталды. Олар Бадам тұрғын алабын күл қоқыстан, қалдық заттардан тазартып, өздерінің қоғамдық шараларға бей жай қарамайтынын көрсетті. Дүйім жұрт қатысатын сенбіліктер қала халқының бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді дейді жастар.

Нұрдәулет Сұлтанғали, студент: «Осы жасыл елге қатысқалы қоқыс тастауға ұялатын болдым. Біреу тастаса сөзге келтіріп, шамалы таза жүрсеңдерші деп, оларда мазақ қылады бізді «Жасыл елге» қатысқалы осындай болып кеттің ба не?» деп. Осындай шараларға қатыссаң өзіңде психолгияң қалыптасады. Тазалықты жақсы көру».

«Таза аула» акциясына үшінші мегаполистің ақсақалдары да белсене қатысты. Олар өздерінің жасының үлкендігіне қарамастан қолдарынан келгенше еңбек етті.

Үсенбатыр Арзықұлов, ардагер: «Республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің және Түркістан, Шымкент қаласының филиалдары келіп, осы акцияға қатысып жатыр. Тазалық әркімнің өзінен басталуы керек. Сондықтан халықты жалпыхалықтық іс шараға қатысып жатқаннан кейін, ардагерлер сенбілікке келіп қолынан келгенше іс-әрекеттерін жасап , тазарту ісіне араласып жатыр».

Еңбекші ауданы өткізген жалпыаудандық тазалау жұмыстарындағы азаматтарға қалалық кәсіпорын иелері ауыз су таратып, өз көмегін тигізді.

Береке Омаров, RG Brands Kazakhstan ЖШС-і қалалық филиал директоры: «Еңбекші ауданында жалпы аудандық сенбілік болып жатыр екен. Соны естіп өзіміздің үлесімізді қосайық деп осы ауданның қызметінде жүргеннен кейін RG Brands компаниясы атынан осы жерде жұмыс жасап жатқан азаматтарға сусынмен қамтамасыз ету үшін асу суын әкелдік».

Айта кетейік, шарада 25- ке жуық техника мен 1000 -ға жуық азамат бой көрсетті. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер мен ардагерлер, еріктілер мен мәжіліс депуттары бар.