Қазан айында республикада халыққа тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Бұған дейін тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойған болатын.
Бюджет қаржысы есебінен балалар үйі, қарттар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар, созылмалы ауруға шалдыққандар, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, әлеуметтік-медициналық мекемелердің қызметкерлері вакциналанады.
Жалпы жыл сайын 2,5 миллионнан астам адамға тұмауға қарсы екпе тегін егіледі.