Түркиялық компания Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға ниетті

6
ОҚО-да 7 фармацевтикалық компания жұмыс істейді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Eren Holding басшысы Ахмет Ерен Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика сияқты салаларда жобалар іске қосылды.

Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және заманауи институционалдық орта қалыптасқан. Атап айтқанда, басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру аясында кедендік төлемдерден босату, түрлі салық жеңілдіктері, салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер  қарастырылған.