Мақтаарал аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабымен азамат Т.С-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды. Сотта анықталғандай, азамат Т.С 2023 жылғы 17 тамызда Мақтаарал ауданы, «Атамекен» кеден бекеті арқылы Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өту барысында жүк көлігімен шаруа қожалығына берілген тауарларға арналған ЭК-10 декларациясы және ветеринариялық сертификаттың негізінде тексеру жүргізу барысында көрсетілген 200 еркек ұсақ малмен бірге бір аналық ұсақ малды алып өтпекші болған.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда №641 санымен тіркелеген бірлескен бұйрыққа сәйкес ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған.
Алайда, Т.С аталған бұйрық талаптарын сақтамай Қазақстан Республикасы аумағынан Өзбекстан Республикасына бір аналық ұсақ малды алып өтпекші болғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жазасына тартылды.
Құқық бұзушы Т.С. ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабымен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш – 69 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.