Үкіметте елдегі жұмыс күші тапшы салалар аталды

29
Кезекші диспетчер қоңырау қабылдауда

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі жұмыс күші тапшы салаларды атады: «Алдымызда биыл 1 миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Қазіргі таңда 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар. Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуы тиіс. Әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген».

Айтуынша, өңірлердің халықты жұмыспен қамту бағытындағы жоспары мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылған: «Әкімдіктер жастарды еңбекке тарту ісіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, бүгінгі күні энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-саласының мамандары қажет. Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері мемлекеттік білім беру гранттарының тізбесін қалыптастыру кезінде осыны ескеруі тиіс».