Ұн өнімдерінің бағасы тұрақты бақылауда

31

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.

2023 жылдың 26 қазан күні Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріндегі азық-түлік пен ұнға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

Азық түлік өнімдерін саудалаумен айналысатын кәсіпкерлер аталған кодекс туралы хабардар екендіктерін жеткізді. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының ішіндегі ең маңыздысы әсіресе ұн бағасын көтермеу туралы кеңірек айтылды. Аудан аумағындағы ауыл тұрғындары ұн өнімдерін көбірек тұтынады. Сондықтан да дәл осы өнім түріне сұраныс өте мол. Жұмысшы топ мүшелері аумақтағы азық түлік дүкендерінің бәрін аралап шықты. Осы бағыттағы жұмыстар ұдай жалғасын табатын болады.