Заңгер: «Несие төлемесіңіз де шотыңыз бұғатталмайды»

587

Сот орындаушылар несие берешегі жиналып қалған қарыз алушының қандай есепшоттарын бұғаттай алмайды?

https://youtu.be/9zVvx5e0wXE?si=Lvnxiw9RYvGp0-Kj

Редакцияға кезекті оқырман сауал жолдады. Айтуынша, несиесін уақытылы төлей алмағандықтан шоты бұғатталған (арестке түскен). Тіпті мемлекеттен берілетін жәрдемақы мен алимент түсетін шоты да жабылған. Алайда редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, бұл – заңсыз. Себебі 2019 жылдан бастап Қазақстанда жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған шоттарды сот орындаушыларға бұғаттауға тыйым салынды.

Бұл тізімге:

– мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер;

– азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының төлемдері;

– білім беру жинақ салымдары;

– кәмелетке толмағандарды және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырау үшін алимент түсетін шоттар жатады.

«Бұлар «арнайы шот» деп аталады. Мәселен, егер сіздің шоттарыңыз аресте болса, ал сізге мемлекеттен жәрдемақы алу үшін шот ашу қажет болды делік. ҚР «Төлемдер туралы» Заңына сәйкес, екінші деңгейлі банктер сіздің өзге шоттарыңыздың бұғатталғанына қарамастан бұл тізімдегі төлемдерге арналған арнайы шот ашып беруге міндетті»,-деді заңгер.