Жалақы бойынша жұмыскерлерге қарыз кәсіпорындарға айыппұл салынды

24
Кәсіпорын
фото zhaikpress.kz

 1 қазандағы жағдай бойынша республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша қарызы бар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің  хабарлауынша осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.