Жекешелендірілген Қазақстанның инвестициялық қоры мемлекетке қайтарылды

37
"Бәйтерек" жиһаздар салоны

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ын заңсыз жекешелендіруге қатысты істің мән-жайын жариялады.

Тергеу барысында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингіне құны 63,3 млрд теңге болатын «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-сының 100% акциясы қайтарылды.
Сотқа дейінгі тергеу басталғанда қордың Қазақстанның Даму Банкі алдындағы қарызы 18,7 млрд теңге көлемінде болды.
«Агенттік қабылдаған шаралардың арқасында соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен (9,2 млрд теңге сомасына дебиторлық берешекті қайтару қамтамасыз етілді) берешек үш есеге төмендетілді (18,7 млрд теңгеден 6,3 млрд теңгеге дейін). Сонымен қатар, 12 еншілес компания қордың бақылауына қайтарылды», — дейді агенттік мамандары.
Олардың қатарында металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия бар.
Бұдан бөлек, инвестициялық қордың балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды.
«Сондай-ақ, «Dosjan Temir Joly» акционерлік қоғамын жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген», — делінген ресми хабарламада.