Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес қатаң жүргізілуде

57

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерделеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы Шорнақ ауылдық округі, «Шорнақ-Бабайқорған» облыстық маңызы бар жол бойында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан тасымалдау кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға кезекті рейдтік жұмыстары жүргізілді. Рейдтік жұмыстар барысында ауыр жүк көліктерінен заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сонымен қатар, осы күні жұмысшы тобы Қарашық ауылдық округінде рейдтік жұмыстар барысында заң бұзушылық анықталып, 1 «HOWO» ауыр жүк көлігі айып тұрағына қойылып, хаттама толтырылды.