Жыл сайын 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады. Бұл — Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы.
Қазір қатерлі ісікке шалдыққан 4 мыңға жуық бала мамандардың бақылауында. Жалпы 13 мыңнан астам адам, аты жаман аурудың құрбаны болады. Дәрігерлер ауруды ерте анықтаса, дерттен айығуға мүмкіндік бар,- дейді.
Онкологиялық көмек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Науқастарға 500-ден астам дәрігер ем-дом жасайды. Бүгінде жыл сайын осы бағытта 30 мың ем-дом жасалып жүр. Бұл ретте бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып, орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс.