Әрбір салық төлеуші міндеттемелерін орындауы тиіс

34

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, жер, мүлік, көлік салықтарын мерзімінде төлеу жөнінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Іс-шаралар барысында  жеке және заңды тұлғаларға салық міндетемелері мен салық есептіліктерін тапсыру бойынша да тың мағлұматтар берілуде.Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының тапсырмасын орындау бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметтерін салық төлеушілерге уақытылы және сапалы жеткізу мақсатында «Жол картасы» әзірленіп, атқарылатын жұмыстар бағыты бекітілді. Салық төлеушілерге салық заңнамаларын, және Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, салық міндеттемелері, салық есептілігін тапсыру, салықтарды төлеу мерзімі бойынша интернет платформалары арқылы СМС арқылы хабарламалар жолдануда.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

«Сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, ашық есік күндерін өткізіп отырмыз. Онда кәсібін енді дөңгелеткен кәсіпкерлерге салық заңдарын түсіндіріп, салық режимдерін СЕН тапсыру мерзімдерін, салық салу пайызын және салық төлеу мерзімдері жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде».

Салық заңдары базарларда, ірі сауда орындарында да түсіндірілуде. Сала мамандары Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке тұлғалардың банкроттығы жайында, мүлік, жер салықтарын төлеу мерзімдері мен тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Сонымен қатар тікелей эфир арқылы салық төлеушілерге салық нормаларын түсіндіру, сауалдарға жауап беру жұмыстары қолға алынған.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

«Және техникалық қызмет көрсету орталығымен меморандум түзіліп, олардың мамандарымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылып жатыр. Салық төлеушілерге СЕН бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Және БАҚ:  басылымдар, радио, телеарналар арқылы да тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.»

Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілерді, дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлерін салық есептіліктерін, декларацияларын мерзімінде тапсыруға шақырады.