БАҚ: Экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды

0

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген. Оқиға Астанадағы «Бау» мейрамханасында болған.

Бұл туралы бірқатар Telegram-каналы мен отандық БАҚ ақпарат таратты. Ондағы мәліметке сүйенсек, алкогольдік ішімдік ішкен экс-шенеунік әйелін ұрып-соққан. 1992 жылы дүниеге келген әйел азаматы ауыр дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Кейбір деректерге сүйенсек, марқұм болған келіншек экс-министрдің екінші әйелі көрінеді.

Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев осыдан 5 жыл бұрын мемлекет қаржысын жымқырып, ірі көлемде пара алды деген айыппен 10 жылға сотталған болатын. Экс-министр 2019 жылдың қазан айында бостандыққа шықты.