Izumy сауда үйінде Lordmaul брендінің жаңа топтамасы ұсынылды

31

Izumy сауда үйі алғаш рет ағылшындық Lordmaul брендінің топтамасын ұсынады. Мұндағы бірегей аксессуарлар мен сәнді киімдер ерлердің көркін ашып, стильді етеді. Izumy сауда үйі Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап жаңа брендпен қатар жеңілдіктер маусымын жариялады.

Izumу бөлшек сауда желісі ерлерге арналған сапалы киімдермен таң қалдыруды жалғастыруда. Үшінші мегаполистік сауда үйінде әйгілі Enrico Marinelli-мен қатар алғаш рет ағылшындық Lordmaul брендінің жаңа күзгі-қысқы топтамасы таныстырылып жатыр.

Қала тұрғыны Шатырбек Әбділахатов жаңа топтама жайлы ести сала, осында келіпті. Оның бүгінгі таңдауы сапалы әрі стильді қысқы күртеге түскен.

Шатырбек Әбділахатов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Осы жолы ашылған соң келіп көрсем, киімдердің бағалары арзан екен. Әсіресе, жеңілдік көп. Бұрын қымбат деп ойлайтын едік. Сөйтсек базардан арзан екен. Есесіне бұл жерде таза былғарыдан тігілген киімдер. Таңдау көп. Астында аяқ киім, екінші қабатында костюмдар, үшінші қабатта осы сыртқы киімдер бар. Осы фирманың киімі келді деген соң киіп көріп жатырмын. Жақсы екен. Ыңғайлы сондай».

Әлемде үздік брендттердің біріне айналған Lordmaul дизайнерлері киімнің әрбір бөлшегіне ерекше назар аударады. Мәселен бүгін, бренд өкілі Мұстафа Генс эксклюзивті жаңа топтамамен таныстырып, сатушы-кеңесшілерге шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр.

Мұстафа Генс, Lordmaul үйінің бас маманы:  «Британдық Lordmaul сауда үйі ерекше дизайнда, қолдан тігілген киім үлгілерін ұсынады. Біздің әр өнімнің матасы мұқият таңдалып, сынақтан өткізіледі. Бренд топтамалары нағыз британдық классика мен талғампаздықты көрсетеді. Lordmaul киімі мінсіз жарасып, ерекше жайлылықты, тартымдықты сыйлайды. Біздің киім 25 пен 65 жас аралығындағы ер азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие».

Lordmaul дизайнерлері өзі туындыларына жоғары сапалы және табиғи өнімдерді пайдаланады. Коллекцияның кең ассортименті күртеше, жейделер, шалбарлар, сырт киімдер мен аксессуарларды қамтиды. Мұнда кез келген ер азамат өзіне лайықты ерекше стильді қалыптастыра алады.

Севара Ерматова, Izumу сауда үйінің басшысы: «Lordmaul – бұл ағылшын-түрік сән үйі. Бас штабы Лондонда орналасқан. Ал зауыттары Измир мен Ыстамбұлда орналасқан. Lordmaul өнімі қашан да сапалы маталардан тігіледі. Изуми әрқашан брендтің сапалы өкілі болып есептеледі»

Izumy сауда орталығы мерекелік жеңілдіктер маусымына шақырады және жоғары сапалы өз тұтынушыларына эксклюзивті киімдердің кең ассортиментін ұсынады. Кәсіби кеңесшілер сізге мінсіз, стильді киім үлгілерін көрсетіп, үйлесімді үлгі қалыптастырып береді.

Мекенжайы: Бәйдібек би даңғылы 53 (Нұрсәт шағынауданы);
Б. Момышұлы көшесі 19;
А. Асқаров көшесі 39.