Йод жетіспеушілігі қауіпті

55

Йод – адам ағзасының қалыпты өсуiне, дамуына қажеттi микроэлементтердiң бiрi болып табылады. Адам организмiне тағам мен судан түсетiн йодтың қажеттi деңгейде жетiспеуi – йод жетiспеушiлiгi аурулары мен олардың бұзылуларына әкеп соғады. Йод жетiспеушiлiк ауруларының iшiнде – эндемиялык зоб аса қауiптi ауру болып табылады.

Оның салдарынан көптеген аурулар, атап айтқанда, түйiндi құрылымдар мен қатерлi iсiктер дамуы мүмкiн. Йод жетiспеушiлiк ауруларының ең ауыр түрлерiнiң бiрi – балалардың ақылы мен дене дамуының тежелуi, жыныстық дамуының жетiлмеуi, әйел адамдардың жүктiлiк кезiнде түсiк тастау немесе көзi көрмейтiн, ақылы кем бала тууы сияқты жағдайлар жатады. Йодқа аса мұқтаж аудандарға таулы жерлер мен аумағы теңiзден алыс орналасқан аумақтар жатады.

Йод жетiспеушiлiк ауруларының алдын алу шаралары:
– йодпен байытылған теңiз тағамдарын – балық, балық майы, теңiз жәндiктерi, теңiз орамжапырағы және т.б. теңiз өнiмдерiн және сүт, жұмыртқа, ет өнімдері, көкөнiстер – қызылша, салат, шпинат, қызанақ, сәбiз, қартоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, жемiстер, жидектер, жаңғақтар – құрма, алма, жүзiм, шие, шабдалы тағамға жиi пайдалану;

-йодталған тұзды және йодпен байытылған тағам өнімдерін пайдалану.
Теміртапшылық анемиясы ең кең тараған және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі болып табылады. Теміртапшылық анемия нашар тамақтану мен нашар денсаулықтың индикаторы болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде екі миллиард адам анемияға ұшыраған. Қазақстандағы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің 45 пайызы анемиямен ауырады. Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің жоғарылауына, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіне әсер етеді.
Қазіргі таңда тұрғындар арасында теміржетіспеушілік анемиясының алдын алу жолдарының бірі витаминді-минералды кешенді қоспалармен байытылған (фортификацияланған) жоғарғы және бірінші сұрыптағы бидай ұнын пайдалану болып табылады, себебі ұн тұрғындардың барлық әлеуметтік тобы жаппай тұтынатын тағам екені белгілі.

Фортификация дегеніміз бұл ұн тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көпшілік тұтынатын өнімдерді темір мен фолий қышқылымен байыту 90 мыңға жуық адамның өмірін сақтауға, жүйке түтігінің туа біткен кемістігі мен жүрек-қан тамыры ауруларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса, сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, сұлы, қарақұмық жармасы, ірі бұршақ, ақ саңырауқұлақтар, какао, шоколад, көкөніс, бұршақ, алма, бидай, шабдалы, жүзім, май шабақ, қара өрік тағамдарын тағамға жиі пайдалану болып табылады.

Д.Алиасқар, Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының СЭББ бас маманы