Келесте аптаның бір күнін ұлттық ойындарға арнаған балабақша жұмыс істейді

136

Келес ауданында «Балдырған» балабақшасында аптаның әр сәрсенбісі — «Ұлттық күн» деп дәріптеліп сол күні қызметкерлер ұлттық киім үлгісінде киініп, барлық топтар бойынша ұлттық құндылықтар насихатталады.

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасында мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ұлттық ойындармен таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аптаның бір күнін қазақ халқының ұлттық ойындарына арнаған дейді білім бөлімінің әдіскері Ақмарал Апетова.
– Балабақшада баланың білім мен тәрбие алуына қажетті көрнекіліктер қоры мол, әсіресе ұлттық ойын түрлеріне арналған көрнекіліктерді шебер тәрбиешілер өз қолдарымен жасаған. Мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері ел ішінде ұмыт бола бастаған «Бестемше» ойынын жақсы меңгерген және қызыға ойнайды. Сондай-ақ «Ханталапай», «Бес тас», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», сынды ойын түрлері күн тәртібінен түспейді,-дейді бөлім әдіскері.
Қазіргі таңда балалардың ұсақ моторикасы мен ойлау қабілеттерін дамытып жылдамдық пен епшілдікке баулитын қазақтың ұлттық ойындарын бала тәрбиесінде қолданудың маңызы өте зор және ол әрекет өз нәтижесін беріп келеді.