Отырарда балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар бүлдіршінді қабылдаудан бас тартқан

552

Отырар ауданында балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар баланы инклюзивті топқа қабылдаудан бас тартқан.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне даун синдромына шалдыққан бүлдіршіннің анасы шағымданған. Айтуынша, ұлын Отырар ауданындағы балабақшаның инклюзивті тобына қабылдамай жатыр. Яғни, мектепке дейінгі мекеме басшылығы инклюзивті топтың психикалық дамуы тежелген балаларға арналғанын алға тартып, қабылдаудан бас тартқан.

Өкіл бұл мәселеге араласып, бүлдіршіннің құқығын қорғауға көмектесті. Осы факті бойынша уәкілдің аймақтағы өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдады.

Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде бүлдіршін балабақшаға қабылданып, оның құқығы қорғалды.

(Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі)