Кіші су электр станциясының жобасы іске қосылды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы бойынша 9 айдың қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы ойдағыдай. Кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айдың қорытындысымен – 8,8 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,6%-ға орындалды. Бұл жақсы көрсеткіш.

Ауданда қай сала болмасын алға ілгерілеушілік бар. Сонымен қатар, инвестиция тартуда да толымды тірліктер атқарылуда. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің 9 айдың қорытындысымен – 23,9 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 122,0%-ға немесе 5 млрд. теңгеге артты (2022ж. 9 ай 18,9 млрд.теңге). Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 21,4 млрд.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 млрд. теңгеге артты. (2022ж. 9ай 16,0 млрд.теңге).  

Сонымен қатар, 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары – 31,5 млрд. теңге болып бекітілді.

Бүгінгі таңға, жоспарды орындау мақсатында барлық ауыл округтер бойынша жаңадан ашылатын инвестициялық жобалардың тізімі жинақталуда сондай-ақ, ауданға инвесторларды іздестіріп, тарту жұмыстары жүргізілуде.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9 айдың қорытындысымен – 6,9 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 81,2%-ға орындалды.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14 411 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 126,2%-ға орындалды. Осы бағытта ауданда 20 248 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі – 77,0 млрд. теңгеге жетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,0%-ға артты. Бөлшек сауда өнімінің көлемі – 8,2 млрд. теңгені құрады,өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,4%-ға орындалды Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді.        Ол үшін аудандағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына  инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын.

Бүгінгі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған «Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST»  атауымен  0,5 – 1,0 – 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, «CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, «Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, «ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі.

Б.Өсербаев, Қазығұрт аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

  бөлімі басшысының орынбасары: «Ауданға қарасты Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елді мекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТКнің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталып, Чехия мемлекетінен қондырғылар жеткізіліп, кәсіпорын іске қосылды».