Кредит азаматқа табысын ресми растағанда ғана беру керек

0

 Қазақстанда адам өзінің ресми кірісін растамаған жағдайда несие беруді шектейтін заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Орталық банктің төрағасы Тимур Сүлейменовтің депутаттық сауалға берген жауабында көрсетілген.

«Қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігін және оның кірісін бағалаудың қолданыстағы тәртібі қайта қарауды талап етеді, өйткені қазіргі анықтамада қарыз алушының кірісі тек ресми расталған кірістермен шектелмейді. Коэффициентті есептеу кезінде ерекшеліктерді қайта қарау қажет», – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы оны тек кірістер ресми расталған кезде ғана есептеу ұсынылатынын түсіндірді. Мұндай тәсіл кез келген қарызды, оның ішінде кепілсіз қарыз алу кезінде де барлық қарыз алушы – жеке тұлғаларға қатысты пайдаланылатын болады.
Сүлейменовтің пікірінше, бұл қарыз алушыларға, оның ішінде 21 жасқа дейінгі жастардың борыштық жүктемесін төмендетуге, сондай-ақ ресми жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
» Тұтастай алғанда, мұның «сұр» экономиканың бір бөлігін төмендету және соның нәтижесінде ел бюджетіне салық түсімін арттыру сияқты мультипликативті экономикалық әсері болады», – деп есептейді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ ол халықтың кредит алуын азайту үшін заң жобасында мыналар көзделгенін айтты:

қайта құрылымдауды қоспағанда, банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың 90 күннен астам мерзім өткен берешегі болған кезде, оларға қандай болмасын қарыз беруге тыйым салу;

банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың қарыздары бойынша талап ету құқықтарын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салу;

90 күннен аса мерзімі өткеннен кейін сыйақы талап етуге салынатын тыйымды бұрын жасалған тұтынушылық қарыздарға қолдану;

әскерге шақырылған қарыз алушылар үшін сыйақы есептемей, қарызды өтеу мерзімін міндетті түрде кейінге қалдыруды енгізу;

кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев өзінің депутаттық сауалында «адамдар несиені басқа несиемен жабуға мәжбүр, ал көбінің бірнеше несиесі болса да, оларға шектеусіз жаңа қарыздар беріліп жатыр» деп мәлімдеді.
Мәжілісмен қолданыстағы несиені үш айдан артық өтемегендерге қарыз беруге тыйым салуды, сондай-ақ ресми кірістері расталмай, жастарға тұтынушылық кредиттер беруді 21 жылға дейін шектеуді ұсынған болатын.