«Сатып үлгерген»: Үй подъезінен балалар арбасын қолды еткен жас жігіт видеоға түсіп қалды

200

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй подъезінен балалар арбасын қолды еткен жас жігіт ұсталды. Оның бұл қылмысы ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Полицияға жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен жүгінген. Келіншектің айтуынша, белгісіз біреу подъезде тұрған балалар арбасын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тіркелді.

Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеру барысында ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті қала аумағында бір күн ішінде ұсталды. Ер адам ұрланған затты сатып үлгерген.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.