Шымкентте көлігіне жалған нөмір тағып алған жүргізуші қамауға алынды

160

Шымкентте көлігіне жалған нөмір тағып алған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Тәуке хан-Дулати көшелерінің қиылысында «Audi S-4» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны өзінің басқаруындағы көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққаны анықталған. Бұл туралы хабарламаны тәртіп сақшыларына «Қорғау-қауіпті жүргізуші» қосымшасы берген.

Полицейлер заң бұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі «Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару» бойынша хаттама толтырды.

Полиция мәліметінше, сот шешімімен жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.