Шымкентте «Мемлекеттік қызмет» мұражайы ашылды

166

Үшінші мегаполисте «Мемлекеттік қызмет» мұражайы ашылды. Онда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті департаменті мен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлерінің еңбектері мен естеліктері, жетістіктері қойылады. 

Мекеменің ашылуы — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жергілікті филиалымен бірлесе отырып жүзеге асты. Салтанатты рәсімге академия ректоры Ерлан Әбіл арнайы келіп қатысты.

Ерлан Әбіл, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

«Мемлекеттік қызметшілер қатарында адал да таза, шын көңілмен жұмыс істеп жатқан азаматтарымыз көп, сол кісілердің тарихы. Жалпы мемлекеттік қызметте болған өзгерістер бойынша жас мемлекеттік қызметшілерге, академияның қабырғасына дәріске келген азаматтарға кішігірім музей ашып отырмыз. Мұндай музейлер әрбір өңірде ашылу үстінде. Мемлекеттік қызметкерлердің жасаған жұмыстары, істеген істері бойынша мағлұматтар болады

Мамандардың сөзінше, мұражайды құрудағы басты мақсат – өткен кезең мен қазіргі уақыт арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктер мен мұраны сақтау.

Әділет Нысанбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал директоры:

«Бұл жерде Тәуелсіздік алғаннан бері кезеңде мемлекеттік қызметте жұмыс атқарған үлкен азаматтар, елге үлес қосқан азаматтардың жәдігерлері, қандай да бір өздерінің қолданған заттары және материалдары осында сақталады. Біз бүгінгі күнмен сабақтастырып осындай музей ашуды жоспарлағанбыз. Міне, бүгін ашып отырмыз

Сонымен қатар академия ректоры Шымкент жастарымен кездесті.

4-курс студенті Темірхан Абжан «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алады. Бүгін ол ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректорымен кездесуде жастарға беріліп жатқан мүмкіндік пен қойылатын талап жөнінде бірқатар ұсынысын айтты.

Темірхан Абжан, студент:

«Өзіміздегі оқу орындар көбінесе осы оңтүстік өңірден ғана тағылымдамадан өтеді. Енді «Жас мемлекеттік қызметшілер» клубы қатысушыларын оқытудың ең соңғы деңгейінде Астана қаласында тағылымдамадан өткізу жөнінде ұсынысымды білдірдім. Қосымша сұрақтар қойылды

«Қоғамдағы жастардың рөлі» атауын алған жиында жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысуы, мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуын, саяси партияларға мүше болуы сынды көптеген тақырыптар қозғалды. Кездесуге келген студенттер ректорға көкейдегі сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді.