Шымкентте жүк көлігінің бірнеше тонналық тіркемесін бір өзі сүйреген ер адам көпті таң қалдырды

470

(Фото: видеодан скрин)

Ауыр жүк көлігінің бірнеше тонналық тіркемесін жалғыз сүйреген ер адам көпті таң қалдырды. Оның бұл әрекетін әлдекім видеоға түсіріп алып, оны желіге жүктеген.

Бейнежазбадан жүк көлігінің тіркемесін беліне белдік байлау арқылы сүйреген ер кісі алғашында бірнеше метр жерге дейін жай жүріп, кейін жүгіре бастағанын көруге болады. Автордың жазуынша, бұл Шымкенттегі «Барыс» базарында түсірілген.

«Барыс» базар. «Тележканы» сүйреп жүр. Тұрып қалды-ау деймін. Кетті… Міне, еркек… Дені сау иә? Сенбейсіңдер… Сүйреп кетуін қара, ұшыртып»,-дейді автор.

Палуандық  қасиетке ие ер адамның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары оған ерекше тәнті болып, пікірлерін жаудырды. Айта кетейік, пікір қалдырғандардың бірінің мәліметінше, ерекше күшке ие адамның есімі – Қазыбек.

«Қазыбек палуан, жарайсың», «Алға, палуан», «Сөз жоқ…», «Мәссаған! Міне, нағыз батыр. Аяғына жеңіл аяқ киім киіп-ақ ойық-ойық жермен сүйреп шықты», «Күш атасын танымас» деген осы. Сөзім жоқ тіпті», «Осындай жігіттеріміз көп болсын», «Не деген күш. Бұл адамды жарысқа шығару керек қой» деп жазды желідегілер.