ТикТокпен бірлесіп педагогтар арасында байқау жарияланды

45
фото 1-merki.mektebi.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қысқа бейнероликтерді орналастыруға арналған жетекші платформа TikTok-та #ҚазақстанМұғалімдері немесе #УчителяКазахстана байқауы басталды.

TikTok-тағы танымдық контент қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал болып кетеді. Мәселен, #кітапток хэштегі бойынша түсірілген әдебиет туралы бейнероликтер қазірдің өзінде ел ішінде 70 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.

Байқауға TikTok-та аккаунты бар немесе ашуға ниетті барлық мектеп ұстаздары, колледждер мен жоғару оқу орындарының оқытушылары қатыса алады. Осы жылдың 1 қарашасы мен 17 желтоқсаны аралығында өтетін байқау кезінде педагогтер қысқаша танымдық бейнероликтерді жүктеп салуы қажет. Бейнематериалдардың ұзақтығы 30 секундтан кем болмауы тиіс және оларды жариялау кезінде байқау хэштегтерін қолдану қажет: #қазақстанмұғалімдері немесе #учителяказахстана.

«ТикТокпен жасалатын жобамыздың арқасында Қазақстан педагогтері жастармен, түрлі жастағы интернет пайдаланушыларымен өз білімдерін шығармашылық және одан да қызықты үлгіде бөлісу мүмкіндігін ашады деп үміттенеміз. Бір қуантарлығы, педагогтер шет қалмай, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттауда онлайн платформаларды өз игілігіне пайдалануда. Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы TikTok трендтерінде көптеген дарынды мұғалімдерді көріп жүрміз. #ҚазақстанМұғалімдері бастамасының мақсаты – көп педагогтерді білім беруде жаңа шығармашылық әдістерді ашуға шабыттандыру, оқудың қызықты әрі көңілді екенін көрсету және еліміздегі білім беру мазмұнына қызығушылықты арттыру болып табылады», — деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Қазылар алқасының мүшелері құрамында жобаның амбассадорлары, TikTok платформасы мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері болады, олар байқау қатысушыларын төрт номинация бойынша бағалайды:

•«ТикТок мұғалімі 2023». Мектептер мен колледждердегі мұғалімдерге арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз бола алады.

• «ТикТок оқытушысы 2023»
Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған номинация. Бұл номинация бойынша күрделі ғылыми идеяны, деректі немесе тұжырымдаманы анық әрі түсінікті етіп көрсеткен ең креативті ролик авторы жеңімпаз болады.

• «ТикТоктағы жаңалық». Байқау аясында жарияланған роликтерінің барлығы бойынша ең көп қаралым жинаған мұғалім жеңімпаз атанады. Оған мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

•«Үздік бейнеролик». Байқау аясында жасалған бейнеролигі ең көп қаралым жинаған оқытушы жеңімпаз атанады.

Байқау жеңімпаздарына жақсы танымдық роликтер түсіру және TikTok-та дамуы үшін iPhone 15 смартфондары сыйлыққа беріледі.