Түркістан облысының әкімі Кентауда қабылдау өткізді

27

Түркістан облысының әкімі «Ашық есік» күні бірыңғай қабылдауын бұл жолы Кентау қаласында өткізді. Онда жазылған 30-дан астам азаматтың басым бөлігі қаланың келешегі, дамуы, инфрақұрылым мәселелерін көтерді.

Облыс әкімінің қабылдауына алғашқылардың қатарында жазылған Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Валилла Хайруллаев. «Егістікпен айналысатын шаруа дақылдарды жетілдіруге су тапшы. Тозығы жеткен каналдарды жөндеуге қаржы бөлінсе, еңбегіміз зая кетпес еді» дейді.

Валилла Хайруллаев, Кентау қаласының тұрғыны: «Бізде Қарнақ ауылында су қоймасы бар. Соның екі жағында  канал бар, лотоктардың тозығы  жеткен, жөндеу керек. Су жерге сіңіп, егістікке жетпейді. Облыстан қаржы бөлінсе жақсы болатын еді».

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Сала мамандары сол жерге барып, барлығын зерттеп көрсін. Есептесін, жөндеуге неше қаржы керек. Көрейік».

Ашықтық. жариялылық. Осындай «Ашық есік» күні бірыңғай қабылдауда өңір тұрғындары көкейінде жүрген мәселелерді облыс әкіміне айтып, оның шешілу жолдарын өз құлағымен естіп кетеді. Сондай азаматтардың бірі екінші топтағы мүгедек Жақсылық Құлжанов пен оның жұбайы Айнұр Ахметова. Екі баланы тәрбиелеп отырған отбасы баспанаға, әлеуметтік көмекке мұқтаж.
Айнұр Ахметова, Кентау қаласының тұрғыны: «Облыс әкімі Кентау қаласының әкіміне  тапсырма берді.  96 үй тапсырылады екен, содан қарастырып беріңдер деді. Үмітім бар, баспаналы боламыз»

Кезегін күткендердің арасында Айгүл Әмірова да бар. Ол өңір басшысына қала іргесіндегі «Шахстрой» орамының тағдыры, келешегі қатты толғандырадтынын жеткізбекші:»Инфрақұрылым . Келесі жылы жол саламыз дейді. Әлі бізге газ келген жоқ. Күте тұрамыз барлығын тартып жүргізсін сосын жасасын. Бюджет қаржысын тиімді жұмсау.Соны әкімге айтпақшымын».

Облыс әкімінің қабылдауына жазылған кентаулықтар үміттерінің ақталатынына кәміл сенеді. Өйткені, 90 жылдары құлдыраған қала бүгінде көркейіп келеді. Көшелер жөнделіп, көпқабатты үйлер жаңғыртудан өтіп, табиғи газ да тартылды.