Түркістанда 100 жасқа келген қарияның ұл-қыздары ғасыр тойын жасап берді

1561

(Фото: видеодан скрин)

Түркістанда ғасыр жасаған ақсақалдың құрметіне арналған мерейлі той өтті. Бұл қуанышты қарияның ұл-қыздары жасап берген.

Тойдың видеосы ТікТок желісінде пайда болды. Той иесінің қыздары «Әкеге алғыс» әнін орындап, ерекше құрмет көрсетеді. Автордың мәліметінше, қария 4 қыз, 5 ұлдың әкесі.

Бұл сәтті көрген желі қолданушылары 100 жасаған қарт тұрғынға амандық пен саулық тілеп, ақсақалдың ұл-қыздарының бұл тосын сыйына ерекше сүйсінді.

«Қандай әдемі! Қыздары бар бақытты әке. Әке-шешесі бар қыздар бақытты!», «Керемет», «Қандай керемет көрініс. Сүйегі асыл ғой. Алланың берген сыйы, бізге де атаның жасын берсін», «Алла күш-қуат берсін», «Бізге де жұғысты болсын», «Алла бәрімізге жақсы қартаюды нәсеп етсін», «Әкелеріңіз аман болсын!», «Әкеңіздің дені сау, ғасырдан асып, аман жүрсін», «Қандай бақыт! Ата-анамыз аман болсын» деп жазды желідегілер.