Ұзату тойында анасының аяғын сүйген бойжеткен желіде қызу талқыға түсті

0

Қыз ұзату тойында анасының аяғын сүйген бойжеткен көптің қызу талқысына түсті. Асабаның айтуынша, жас қыз осылайша ақ сүт берген анасына алғысын білдіргісі келіпті.

Бұл сәттің видеосы ТікТок желісінде пайда болды. Бойжеткен басына ақ сәукелесін кигізбек болған анасының алдында иіле кетіп, аяғын сүйеді.

«Қол шапалақтап қойыңыздаршы, ардақты ағайын! «Жәннаттың кілті ананың табанының астында» деген бар. Анасының аяғын сүйіп, алғысын айтып жатыр»,-дейді асаба.

Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі жас қыздың бұл әрекетін құптаса, енді бірі оны сынның астына алды.

«Аяқ сүйгені несі?», «Осы уақытқа дейін сүймедің бе? Ұзатуда есіңе түсті ме?», «Бұл не болды сонда?», «Ата-анаға деген алғысын басқаша да көрсетсе болады. Бұл – көзбояушылық», «Бізде жаңашылдық пайда болыпты», «Ол қыздың туған анасы. Ал ана деген – патшайым», «Мұндайды алғаш көруім», «Дұрыс! Жұмақтың кілті ананың табанының астында», «Өз анасы болса, мұнда тұрған еш ерсілік жоқ», «Мен қызымның бұлай жасауына рұқсат бермес едім» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұл қыз ұзату рәсімінің еліміздің қай өңірінде өткені белгісіз.