Заңгер: «Кафеде ыдыс-аяқ сындырсаңыз, айыппұл төлеуге міндетті емессіз»

2

Кафе-мейрамханаларда ыдыс-аяқты абайсызда сындырып алған болсаңыз, айыппұл төлеуге міндетті емессіз.
Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, мейрамхана, кафе әкімшілігі тарапынан айыппұл туралы ескерту қағазы – бұл заңсыз. Өйткені сынған ыдыстар бүліну болып табылады және оған мүлік иесі жауапты. Ал оның орнын толтыру тәртібі азаматтық заңнамамен анықталады. Азаматтық Кодекске сәйкес, мүлікке зиян келтіру үшін туындайтын жауаптылыққа кінәнің  болуы және басқа да жағдайлар қажет.
«Егер сізге тамақтану орнының әкімшісі мүлікке зиян келтіргені үшін айыппұл төлеу туралы талап қойса, сіз заттың құнын және оны сатып алған күнін, сатып алынған орнын растайтын құжаттарды көрсетуді тұтынушы ретінде талап ете аласыз. Егер олар бұл құжаттарды көрсетуден бас тартса, сіз де айыппұл төлеуден бас тартыңыз»,-деді заңгер.
Айыппұл шарттарымен келіспесеңіз, мейрамхана-кафе әкімшілігін сотқа бере аласыз. Себебі залалды өтеу міндеттемесі сізге тек сот шешімімен жүктелуі мүмкін.