Жол апатынан көлік өртеніп, жүкті әйел жансақтау бөліміне түскен

188

Шымкентте екі көлік соқтығысып, салдарынан жүкті әйел жансақтау бөліміне түсті. Оқиға 26 қараша күні түнгі сағат 3-тер шамасында болған.

Toyota Camry мен «Ваз-2109» автокөліктері соғысқан. Салдарынан ерлі-зайыпты тұрғындар зардап шекті. 1995 жылы дүниеге келген жүкті әйел мен күйеуіне тез арада ота жасалған. Қазір анасы мен баласының жағдайы тұрақталғанымен, ал күйеуінің жағдайы ауыр.

«Ана мен баланың жағдайы тұрақталды. Қазір реанимациядан травматология бөліміне ауыстырдық. Ал күйеуінің жағдайы әлі де ауыр. ИВЛ аппартында демалып жатыр. Оң жақ және сол жақ қабырғалары сынған. Динамикасы тұрақты болған соң  трансфузиялық көмек көрсетілуде»,-дейді реаниматолог дәрігер Нұрбол Әбілов.

Ал жол апаты абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекет бойынша тіркеліп, қазір тергеу жүргізіліп жатыр

«Орын алған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр»,-дейді Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.